"Бізді кітап табыстырды" фотоконкурсы

2023 жылғы 17 мамыр күні "Ақтөбе облыстық арнайы"мектеп -интернат- колледж"кешені" КММ кітапханасында "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында кітапхана меңгерушісі Л.С.Бултекова, колледж мұғалімі Д.К.Камбарова және тәлімгер Б.А Махановамен бірге "Бізді кітап табыстырды" фотоконкурсын ұйымдастырды.

Мақсаты: Жастарды кітапханада түсірілген тартымды фотосуреттер арқылы кітап оқуға тарту , оқу мәдениетін дамытуға және қолдауға насихаттау. Ақын-жазушылардың шығармаларын кеңінен насихаттау, кітапхананың ғаламтор желілеріндегі әлеуетін арттыру.

Кітап оқығанды жақсы көретін адам бақытты. Ол ақылды да мейрімді сенімді достардың ортасында. Ең үлкен досың – кітап. Кітап – шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап жан айнасы, оған қарап ойыңды да, бойыңды да түзеуге болады. Айналаңдағы адамдарға адал мейріммен қарауға үйренесің. Осы орайда ұйымдастарылған іс-шара барысында студенттер кітаптың арқасында бір-бірімен қалай танысқандарын айтып, өздерінің оқыған кітаптары туралы әңгімеледі.
Кітап - үйіңнен кең дүниеге алып баратын ұлы арна.