2023 жылғы 20 сәуір күні   "Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешені" КММ кітапханасында "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында 23 сәуір Дүниежүзілік кітап күніне орай кітапхана меңгерушісі Л.С.Бултекованың ұйымдастыруымен "Ақпарат әлеміндегі кітаптың ролі" тақырыбында әдеби печа-куча өткізілді. Печа-куча Жапониядан келген кітапханалық іс-шараның түрі. Әдеби печа-куча форматы арқылы студенттерге кітапты насихаттап, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Шара барысында кітапханашы Л.Бултекова барлығы 20 слайдтан тұратын қысқаша презентация дайындап, печа-кучаның ережесіне сәйкес әр слайдты қысқа уақытта ,яғни 20 секунд ішінде айтып түсіндірді. Студенттер өз пікірлерімен бөлісіп сұрақтар қойды. Шара соңында « Кітап оқудың пайдасы» атты бейнефильмі көрсетіліп, кітап көрмесімен таныстырылды. Әдеби печа – куча форматы студенттерге шығармашылық еркіндік беріп, іс-шараның қызықты өтуіне ықпалын тигізді.