Менің сүйікті кітабым" акциясы
2023 жылғы 15 мамыр күні "Ақтөбе облыстық арнайы"мектеп -интернат- колледж"кешені" КММ кітапханасында "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында кітапхана меңгерушісі Л.С.Бултекова колледж студенттеріне "Менің сүйікті кітабым" атты акцияны ұйымдастырды.
Мақсаты:
Жасөспірімдерді кітап оқу өнеріне, дүниетанымын кеңейтуге, көркем шығармалардың тамашалығын сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, өмірде, еңбекте, оқуда кітапты пайдалануға баулу.
Білім алудың басты құралы - кітап. Кітап адамның жүрегін, санасын, ақылын байытады, дүниетанымын кеңейтеді. Осы орайда колледж студенттері өздерінің сүйікті кітаптары туралы пікірлерін айтып, сол бойынша кроссвордтар шешіп, сүйікті ақындарының өлеңдерін жатқа айтты.
https://sch.edu.kz/kz/kitapkhana/511-meni-s-jikti-kitabym-aktsiyasy.html#sigFreeIdaad4b06173