ҰЛЫ ЖЕҢІС ЖАСАСЫН!

2023 жылдың 4 мамыр күні Ақтөбе облыстық арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешенінің кітапханашысы Л.Бултекова Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының қызметкерлерімен бірге "Оқуға құштар мектеп" бағдарламасы аясында Жеңіс күніне орай "Ұлы Жеңіс жасасын!" атты патриоттық шара өткізді.
Мақсаты:

📘Балалардың Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, Отанын қорғауға тәрбиелеу;

📙Жас оқырмандарды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту.

📗Аға ұрпақты қадір тұтуға, үлкендерді сыйлай білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Өткізілген патриоттық шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналды. Шараға қатысушылар Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды 1минут үнсіздікпен еске алды.
Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының қызметкерлері сурдоаудармашы Г.Нұрмашеваның көмегімен Ұлы Отан соғысы кезінде елі үшін аянбаған Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов сияқты батырларымыздың ерліктері туралы толық әңгімелеп берді.
Ойындар ойнатылып, жұмбақтар қойылып, сұрақ-жауаптар жүргізілді.
«Желбірей бер, Жеңіс туы, мәңгілік!» тақырыбында ұйымдастырылған кітап көрмесімен таныстырып, балаларды кітап оқуға шақырды.