2023 жылғы 14 сәуір күні "Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп -интернат- колледж"кешені" КММ кітапханасында "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында кітапхана меңгерушісі Л.С.Бултекова мен колледж мұғалімі Г.С.Исмагилованың ұйымдастыруымен "Әдеби шығарманы және оның кейіпкерлерін талқылау" әдеби соты өткізілді.

Мақсаты:

кітап оқуды насихаттау, шығарманың кейіпкерлеріне мінездеме беріп, талдау жасай білуге үйрету;

жасөспірімдердің шығармашылық ойлауы мен сөйлеуін, мәдени дүниетанымын дамыту.

Өткізілген іс-шарада «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырындағы жағымсыз кейіпкер - қара күштің иесі Қодарға талдау жасалып әдеби сот жүргізілді.
"Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры – ел арасына ең көп тараған, қазақ лиро-эпостық жырлар арасындағы көне ғашықтық жыр. Қозы Көрпеш - Баян сұлу» поэмасының негізгі идеялық мазмұны сол дәуірдегі жастардың сүйіп қосылуын арман еткен тілек-мүдделерді қамтиды. Екі жастың қосылуына көлденең тұрған Қодардың Қозы Көрпештің ту сыртынан келіп өлтіруі әшкереленіп, әдеби сотта талқыланды.
Студенттер театрландырылған сот талқылауында өнерлерін көрсетіп, ерекше белсенділік танытты.

Сот отырысын елестететін рөлдік ойында білім алушылардың арасында басты рөлдер бөлінді. Сот - Исмагилова Гүлбаршын, сот хатшысы -Хасанов Радмир, Айыптаушы -Мұстафин Қайыржан, Қорғаушы - Арсен. Айыпталушы- Жылқыбаев Ұлан, Куәгер- Ерсеріков Ерасыл болды.
Іс – шара өз дәрежесінде қызықты да көңілді өтті.