2023 жылғы 7 сәуір күні Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешенінің кітапханашысы Л.Бултекова С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлерімен бірлесіп "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Салауатты өмір - денсаулық кепілі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Мақсаты:

Денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, микробтардың ағза қауіптілігін, кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру.

Оқушыларды білімділікке, салауаттылыққа өмір сүруге баулу. Оқушылардың өз ойларын айта білуі, өздері ой - түйін жасай білу дағдыларын дамыту.

Денесін шыңдауда шымыр да шапсаң ұқыпты да жинақы, ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулығын күте білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкері Г.Ихсанғалиева оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығы, өмір сүру үшін қажеттілігі, басты байлық екендігін ұғындырып, салауатты өмір салтын ұстануға, денсаулықты сақтауға, жақсы денсаулықпен ұзақ өмір сүріп, отбасы мен қоғамның белсенді мүшесі болуға шақырды. Шара барысында тиімді тамақтанудың денсаулық үшін қажеттілігі туралы түрлі слайдтар мен бейнероликтер көрсетілді.

"Дені саудың - жаны сау" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жүргізілді. Оқушылар дене жаттығулары мен ми жаттығуларын жасап, спорттық ойындар ойнап мәз-мейрам болды. Іс-шара қызықты әрі көңілді өтті.