2023 жылдың 3 сәуір күні "Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп -интернат- колледж" кешені" КММ кітапханасында "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында кітапхана меңгерушісі Л.С.Бултекованың ұйымдастыруымен "Кітапты бірге оқимыз!" тақырыбында библио-кросс өткізілді.
Библио-кросстың мақсаты:
қызықты кітаптар арқылы студенттердің қызығушылығын ояту,
авторлар мен көркем шығармалардың жан-жақтылығын көрсету,
олардың тұлғалық өсуіне ықпал ету,
оқу сауаттылығын арттыру.
Әр айда бір тақырып белгіленеді. Наурыз айында классикалық әдебиеттер алынса, бұл айда әр түрлі жанрдағы кітаптар алынды.
Библио-кроссқа қатысушылар өздері оқыған шығармалары туралы жеке пікірлерін білдіріп, үзінділер оқып берді.
https://sch.edu.kz/kz/kitapkhana/481-kitapty-birge-o-imyz.html#sigFreeId1e0e00b307