2023 жылғы 14 наурыз күні "Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы"мектеп -интернат- колледж"кешені" КММ кітапханасында "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында кітапхана меңгерушісі Л.С.Бултекованың ұйымдастыруымен "Әдеби кейіпкерлермен бірге саяхаттаймыз"
тақырыбында виртуалды және дәстүрлі кітап көрмесі өткізілді.

Көрменің басты мақсаты:

Жастардың көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Кейіпкерлер бейнесін анықтап, тануға баулу.

Кітапханамыздың кітап қорына келіп түскен жаңа кітаптарды таныстыру, еліміздегі жаңалықтардан хабардар ету.

Көрмеде ақын-жазушылардың озық көркем шығармалары насихатталды. Жасөспірімдерге М.Әуезовтың "Абай жолы", І.Есенберлиннің "Көшпенділер", С.Мұхановтың "Сұлушаш", З.Ахметова "Шуақты күндер"т.б әдеби шығармалардан үзінділер беріліп, кейіпкелер бейнесін анықтады. Сонымен қатар, әлем әдебиетінің озық шығармаларынан үзінділер оқылып, кітаптың авторы мен шығарманың атауын айтып әрі қарай көрмені тамашалады.

Көрмеде ұсынылған барлық кітаптар кітапхана қорында бар. Кітаппен дос болайық. Оқырмандарымыз көбейе берсін!