2023 жылғы 13наурыз күні "Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы"мектеп -интернат- колледж"кешені" КММ кітапханасында "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында кітапхана меңгерушісі Л.С.Бултекова мен колледж мұғалімі Б.М.Дүйсеналинаның ұйымдастыруымен "Еркін микрофон" тақырыбында кітапхана пәтері өткізілді. Мақсаты:

Кітапханаға оқырмандарды тарту, кітапхана оқырмандарының санын арттыру.

Жастардың кітап оқуына басшылық жасау, көркем әдебиетке деген қызығушылығын ояту.

Оларды мәдениеттілікке, еңбектенуге, ізденгіштік қабілетке тәрбиелеу.

Еркін микрофон барысында студенттер "Кітап оқи білесің бе?" сұрақ төңірегінде ой бөлісті. Сонымен қатар, "Кітапханаға жиі келесің бе?", "Қай сыныптан кітап оқи бастадың?", "Сүйіп оқыған кітабың бар ма?", "Қандай жанрдағы кітаптарды оқығың келеді?" дегендей сауалдарға жауаптар алынып, түрлі ой-пікірлер айтылды.

Кітап өмірлеріңізді жеңілдетіп, адамды және өзіңізді қадірлеуге үйретеді. Кітапты сүйіңіздер, кітап оқуға талпыныңыздар!