2023 жылғы 9 наурыз күні Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешенінің кітапханасында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы  қызметкерлері көктемгі күн мен түннің теңелуі – Наурыз мейрамы қарсаңында мектеп-интернат балаларын мерекемен құттықтады.

Мерекелік бағдарламада қазақтың «Бесікке салу» дәстүрі жасалып, дана Қарашаш әже балаларға ізгі тілектерін тілеп, батасын беріп, көтеріңкі көңіл-күй тіледі, балалармен бірге қызықты ойындар ойнатылды. №1 музыка мектебінің шәкірті Берік Әліжанның орындауында «Анаға сағыныш» және «Оймауыт» ән-шашуы тарту етілді. Кітап қорымен танысу мақсатында «Нұр Себеле, Ұлыстың Ұлы күні» атты мерекелік кітап көрмесі ұсынылды. Шара соңында оқырмандарға қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм тарту етілді.

Оқушыларымызға мерекелік көңіл күй сыйлаған  ұжымға рахмет айтамыз!