Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешенінің кітапханашысы Л.Бултекова С. Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Г.Ихсанғалиева, Л.Сұлтанбековамен бірлесіп "Оқуға құштар мектеп" бағдарламасы аясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Мұқағали- ХХІ ғасыр ақыны» атты жыр кешін ұйымдастырды.
Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру; ғасыр ақыны Мұқағалидың жырларын насихаттау; ақын өлеңдерінің мәңгілік жыр қазынамыз екенін ұғындыра отырып, оқушыларды ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп, көркем оқуға дағдыландыру; оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру, тілін дамыту; Отанды елді сүюге, имандылыққа, өнерге деген құштарлық сезімін ояту.

Мұзбалақ ақынның туған күніне орайластырып өткен жыр кешіне мектеп оқушылары жаппай қатысып, жыр падишасының туындыларын жатқа айтып, өз өнерлерін ортаға салды. Әсіресе 1сыныптың оқушылары Дидар "Шыда", Айкөркем "Отан", Ибраһим "Елім барда"өлеңдерін керемет оқыды. Кеш соңында сергіту ойындары ойнатылып, оқушылар кітап көрмесімен танысып, әндер орындалды.