2023 жылғы 21 ақпан күні "Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы"мектеп -интернат- колледж"кешені" КММ кітапханасында "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында кітапхана меңгерушісі Л.С.Бултекова және колледж оқытушысы Г.С.Исмагилованың ұйымдастыруымен «Қалам сынағы» тақырыбында поэтикалық центон өткізілді.

Центон   - әдеби ойынның бір түрі, оқырманға белгілі бір немесе бірнеше ақындардың өлеңдерінен  жаңа өлең құрастыру болып табылады.

Жасөспірімдердің шығармашылық ойлауы мен сөйлеуін, мәдени дүниетанымын дамыту мақсатында өткен ойынға 101 -Ш, 102-П тобының студенттері қатысты.   Студенттер  поэтикалық центонның негізгі ережелерімен танысып, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, М.Мақатаев. Ф.Оңғарсынова шығармаларындағы өлең жолдарынан центон құрастырып оқыды.

Поэтикалық центон студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырып, Ерсеріков Ерасыл, Жылқыбаев Ұлан, Мұстафин Қайыржан сынды студенттер ерекше белсенділік танытты. Центон ойыны студенттер үшін өте  жақсы, өйткені олар қазақ ақындарының шығармаларына негізделгендіктен, студенттер өлең жолдарын қай ақыннан алғанын ажақсы есте сақтайды. Сонай-ақ, центонды  ойлап табу тапсырмасы поэтикалық есту қабілетін дамытады.