"Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешені" КММ кітапханасында 2023 жылдың 14 ақпан күні  "Оқуға құштар мектеп " жобасы аясында қазақтың батыр қызы М.Мәметованың туғанына 110 жыл толуына орай "Қаһарман қызы қазақтың" атты тарихи экскурсия өтті.
Шараның мақсаты: М.Мәметованың ерлігі жөнінде ақпарат беру арқылы жас ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастыру.

Шара барысында кітапханашы Л.Бултекова оқушыларды М.Мәметованың өмірбаянымен таныстырып, батыр қыздың туысқандарына жазған хаттары және олардың ерлік істері туралы әңгімелеп берді.
Тақырыптық кітап көрмесі Мәншүктің суреті, өмірбаяны жазылған буклетпен безендірілді. М.Мәметова жайлы кітаптар, мерзімді басылым беттеріндегі мақалалармен таныстырылды.