Жаңа кітаптар көрмесі

2023 жылғы 15 ақпан күні Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешенінің кітапханасында Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы  "Балалар болсын бақытты" жобасының аясында "Оқуға құштар мектеп" бағдарламасын қолдау барысында «Жаңа кітаптар шақырады» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Шараның мақсаты: балаларды түрлі мәдени іс-шараларға қатыстыра отырып, өмірге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қамқорлық жасау. Шараға кітапхана қызметкерлері Зарина Мүбаракова, Гүлсара Кадирова, Назерке Райысқызы қатысып, жаңа кітаптармен таныстырды. Сонымен қатар, мектеп кітапханасына балаларға арналған қазақ және орыс тіліндегі бірнеше кітапшалар мен "Сиқырлы қазан", "Күншуақ" журналдарын сыйлады. Шара соңында мектеп-интернат-колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Габитова Венера Сұлтанбековна кітапхана қызметкерлеріне рахметін айтып, алғысын білдірді.