"Адамгершілік - асыл қасиет" атты адамгершілік сағаты
https://sch.edu.kz/kz/kitapkhana/466-adamgershilik-asyl-asiet-atty-adamgershilik-sa-aty.html#sigFreeIdbdc2ae74b6
2023 жылдың 31 қаңтар күні "Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешені" КММ кітапханашысы Л.С.Бултекованың ұйымдастыруымен "Оқуға құштар мектеп " жобасы аясында "Адамгершілік – асыл қасиет" атты адамгершілік сағаты өтті.
Мақсаты: оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оны күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Кітапханашы адамгершілік туралы жалпы түсінік бере отырып, кітап көрмесіне қойылған кітаптармен мерзімді басылымдарға шолу жүргізді. Адамгершілік, әділеттілік туралы мақал-мәтелдер айтылды. Оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, жаман әдеттерден аулақ болады деген сенімдеміз.