«Кітап желісімен түсірілген көркем фильмдер»

виртуалды және дәстүрлі кітап көрмесі

"Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп -интернат- колледж"кешені" КММ студенттері арасында "Оқуға құштар колледж" тұжырымдамасы аясында мектеп кітапханашысы Л.Бултекова С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкері Г.Ихсанғалиевамен бірге
«Кітап желісімен түсірілген көркем фильмдер» тақырыбында виртуалды және дәстүрлі кітап көрмесін өткізді.

Мақсаты: кітапханадағы қазақ, орыс, шетел классиктерінің көркем әдебиеттерін насихаттау, ұмыт бола бастаған туындыларды қайта оқуға шақыру, виртуалды көрмелер арқылы оқырмандардың қызығушылығын ояту.

Шара барысында белгілі жазушылардың туындылары бойынша түсірілген көркем фильмдерден үзінді көрсетіліп, кең көлемде "Кітап - кино әлемінде" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапхана оқырмандары «Менің атым Қожа», «Көшпенділер», «Маленкий принц», «Судьба Роксоланы», «Жестокий век», « 12 лет рабства», «Қыз Жібек», «Алые паруса» көркем фильмдері түсірілген классикалық және заманауи әдебиеттің әдеби шығармаларымен танысты. Көрме бойынша шолу өткізіліп, қысқаша мағлұматтар берілді.