2022 жылдың 12 желтоқсан күні «Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені» КММ кітапханасында кітапханашы Л.Бултекованың ұйымдастыруымен Тәуелсіздікке - 31 жыл, Желтоқсан оқиғасына - 36 жыл толуына орай «Тәуелсіздік-тұғырым!» атты кітап көрмесі жасақталды.

Мақсаты: Оқушыларға Тәуелсіздік - Желтоқсанның жемісі, Тәуелсіздік жолындағы күрестерді ғасырлар қойнауына жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белгісі екендігін түсіндіру. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, отанды сүюге және ерлікке баулу. Қазақ халқының тарихын білу үшін кітапты көп оқу керек екендігін ұғындыру.
Көрме Қазақстан тарихында халқымыздың ұлттық сана-сезімінің қалыптасуындағы, оның қазіргі әлемдегі өз рөлі, тәуелсіздік пен мемлекетіміздің егемендікке қол жеткізгендегі маңызды кезеңдері туралы ақпарат береді. Көрмеде Тәуелсіздік тарихы және 1986 жылы 16 желтоқсан оқиғасына түрткі болған себептер мен демократия жолында құрбан болған ұл-қыздардың ерліктері жайында материалдар жинақталды. Кітап көрмесіне Желтоқсан - 1986. К.Табейдің «Қайсар рухты қазақ», «Желтоқсан құрбандарын жоқтау», «Тәуелсіздік шежіресі» және тағы да басқа құнды кітаптармен қатар, мерзімді басылым  беттерінен материалдар қойылып, оқушылардың назарына ұсынылды.