20.12.2022ж. Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешені" КММ кітапханасында колледж студенттері арасында білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру және кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында "Оқуға құштар колледж" бағдарламасының жоспары бойынша кітапханашы Л.Бултекованың ұйымдастыруымен "Адамдар оқуды тастаған кезде ойлаудан қалады" тақырыбында кітапханалық квилт өткізілді.
Кітапханадағы ақпараттық стендтерде студенттерге кітап атаулары мен оған қысқаша аннотациясы бар түрлі түсті стикерлер ұсынылды. Кітапты оқығаннан кейінгі әсерлерімен бөлісуді сұрайтын стикерлер пайдаланылды. Стенд түрлі-түсті ұсыныстары мен тілектері бар қызықты ақпаратқа толды.
Жаңа тәсілмен өткен іс-шара студенттердің қызығушылығын оятты. Олар өздері оқыған кітаптары туралы айтып кеңестерімен бөлісті.
https://sch.edu.kz/kz/kitapkhana/459-kitapkhanaly-kvilt-tkizildi.html#sigFreeId9d81fbf6c5