"Балалар кітап әлемінде"

Мектеп-интернат-колледж кешені кітапханасында "Балалар кітап әлемінде" атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрмеге балаларға арналған классик жазушылардың туындылары, халық ауыз әдебиетінің озық үлгілері, балалар энциклопедиясы және бүлдіршіндерге арналған ертегі кітаптар қойылды. Мақсаты балаларды кітап оқуға тарту.Оқуға ынталандыру, тілін байыту, тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, кітапқа құрметпен қарауға үйрету.