Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешенінің кітапханасында "Кітаптар әлемінде саяхат" ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: оқырмандарды жаңа кітаптармен таныстыру, кітап оқуға тарту, қызығушылығын арттыру. Ұйымдастырылған кітап көрмесіне "Алматыкітап" баспасынан шығарылған "Мәңгілік тұлға - ұлы Абай", "Даланың таза бұлағы", "Қазақтың зергерлік өнері", "Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті", "Қазақ халқының салт-дәстүрлері", " Қазақ афоризмдері", "Қазақ мақал-мәтелдері", Ш.Күмісбаев "Тұңғыштар", З. Ахметова "Шуақты күндер" және тағы да басқа кітаптар қойылды. Кітап көрмесімен мектеп кітапханашысы Л.С. Бултекова толық библиографиялық шолу жасап таныстырды. Кітап - адам өміріндегі ең қажетті құндылық, сол кітап арқылы білімді бойымызға сіңіріп, өзімізді тәрбиелей аламыз. Сондықтан кітап оқып, кітап жанашыры болуға шақырамыз