Кітап оқуды дәріптеуге арналған “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында мектеп-интернат- колледж кітапханасында күн сайын кітап оқу сағаты өткізілуде. Әр класс өздеріне белгіленген кестедегі апта күндеріне сәйкес түстен кейін келіп, кітапханада өтетін әдеби кітап оқуға қатысады. Мақсаты: білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы мен пайдасы жөнінде түсіндіру, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру және оны күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Кітаптан асқан қазына жоқ. Ешқандай байлық та, жаңа технологиялар да кітаптың орнын баса алмайды. Сондықтан да, жас ұрпақ рухани байлықтан қол үзіп қалмас үшін, ғылым мен білімнің қайнар бұлағы кітап оқуды әдетке айналдыруы қажет. Мектеп кітапханашысы Л.С. Бултекова кітапхананың жас оқырмандарының, яғни, әр баланың жеке табиғаты мен қызығушылығына қарай кітап тауып беріп, кітап оқуына көмектесіп отырады.
https://sch.edu.kz/kz/kitapkhana/447-kitap-o-u-sa-aty.html#sigFreeId6c5503727b