Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешені КММ кітапханасы жұмысының креативті тәсілдерін жүзеге асыруда. Мектеп-интернат-колледж кітапханашысы Лаззат Бултекова "Өз кәсібің туралы көркем әдебиет" тақырыбында кітапхана квилтін ұйымдастырды.
Мақсаты: жастарды кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеуге, олардың әдеби,кәсіби шығармаларға деген қызығушылығын арттыруға, талғамына, таңдауына сай әдебиеттерді іріктеуге көмек көрсету, оқуға деген ынта-ықыласын көтеру, рухани құндылықтарды бойына сіңіріп, маңызын ашу. Аталмыш шараға колледждің барлық студенттері қатысты. Жаңаша тәсілмен өткен іс-шара студенттердің қызығушылығын оятты. Олар өздері оқыған кітаптары туралы айтып кеңестерімен бөлісті.
https://sch.edu.kz/kz/kitapkhana/445-kitapkhana-kvilti.html#sigFreeId97ce5c17e8