Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат-колледж кешенінде құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының жоспары бойынша мектеп кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: жан-жақты қалыптасып дамыған, қоғамдық белсенділігі артқан, әлеуметтік-толық қамтылған адамгершілігі мол тұлғаны қалыптастыру.

Мектеп оқушыларына қылмыстың – қоғамға қауіпті әрекет, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын   жаза түрлері, кінәні жеңілдететін, жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар туралы толық түсіндірме жұмысы жүргізілді. Көрмеге құқықтық сауаттылығын арттыру, салауаттылыққа  тәрбиелеу, өз әрекеттеріне баға бере білуге баулу, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру туралы кітаптар мен журналдар қойылды.