25 қазан Республика күніне орай мектеп кітапханасында "Тәуелсіздік - елімнің еркін жолы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды және де сонымен қатар "Байтақ елім-Қазақстан" тақырыбында бейне круиз тамашаланды. Мақсаты: оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтауға үйрету, бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру арқылы Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.
Мектеп кітапханашысы Бултекова Лаззат оқушыларға Қазақстан туралы жалпы мағлұмат беріп, көрмеге қойылған кітаптар мен мерзімді басылымдарға толық библиографиялық шолу жасады. Оқушылар көрмеге қойылған кітаптар мен газет- журналдарды оқып танысты. Сонымен бірге назарларын экранға аударып, Қазақстан туралы көрсетілген көптеген қызықты деректерге қанық болып, сұрақтар қойып белсенділік танытты.
https://sch.edu.kz/kz/kitapkhana/443-t-uelsizdik-elimni-erkin-zholy-kitap-k-rmesi.html#sigFreeId1f3f9e3c8f