Кульжанова Айгуль Адельжановна Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінде дефектолог-мұғалім болып жұмыс жасағанына - 30 жыл. Есту мүмкіндігі шектеулі балалармен жеке сабақ барысында түрлі технологияларды қолданады. 2019 жылғы " Я- педагог" атты II Республикалық педагог қызметкерлер конкурсында І орын иемденуі, 2019 жылғы өңіраралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, дипломмен марапатталуы, VII өңіраралық пәндік интернет-олимпиаданың Алғыс хаты мен Халықаралық Педагогика және Инновациялық Технологиялар Ғылым Академиясының "Асыл ұстаз " медалін иеленуі – ұстаз еңбегінің жемісі. Бүгінгі таңда үлгілі ұстаз оқушылардың есту қабілетін дамытып қана қоймай, олардың бойына адамгершілік, мәдениеттілік сынды ізгі қасиеттерді сіңіріп, білім мен біліктілікті қатар ұстап келеді.