Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке апарар жолдың бастауы – ұстаздың еңбегі. Ел тәуелсіздігімен қатарласып Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінде ерен еңбек пен қажыр-қайратты талап ететін жұмыстың бейнетіне қарамай, уақытпен санаспай, өз ісіне адал беріліп, жауапкершілікпен қызмет етіп келе жатқан ұлағатты ұстаздың бірі – Жанжигитова Гульмира Молдагереевна.
Жоғары санатты сурдопедагог әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілетін, танып, сөйлеу қабілетін, танымдық белсенділігін дамыта отырып, дамытушылық, түзету жұмыстарына арналған әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану арқылы оларға аса көңіл бөледі. Оқушылары жыл сайын өтетін халықаралық «Родник знаний» олимпиадасына қатысып, жеңімпаз атанып жүр. Сондай-ақ, есту қабілетін дамыту жұмысын оқушылардың шығармашылық еңбегімен байланыстырып, жан-жақты дамытуды басты назарда ұстайды. Оқушылары түрлі облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі шығармашылық байқаулардан ым-ишара тілінде ән орындаудан мектеп абыройын асқақтатуда.
Гульмира Молдагереевнаның жемісті еңбегінің нәтижесі:
2015 жылы облыстың «Үздік педагогі» атанып, 2020 жылы-"Үздік сурдопедагог" республикалық байқауында бас жүлде иеленсе, "Үздік сурдопедагог – 2021" халықаралық педагогикалық байқауында 1-орын жеңімпазы атанды.