Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған білімнің мұғалімге қояр талабының жүгі де ауыр, ол үлгі боларлық бар жақсылық атаулының ең биігінен көрінуі тиіс. Осы қағиданы өмірлік ұстанымына айналдырған ұстаз - Мухамбетова Галия Изимгалиевна Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінде география пәні мұғалімі боп 30 жылдан бері еңбек етіп келеді. Жоғары санатты тәжірибелі маманның өнегелі жолы жетістіктерге толы:
- 2018 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің құрмет грамотасы мен «Асыл ұстаз» медалінің иегері атанды. Сондай-ақ, кәсіби байқауларға қатысып, біліктілігімен танылды:
- 2021 ж. Халықаралық І педагогикалық байқауының «Үздік география мұғалімі-2021» номинациясының І орын иегері;
- 2021ж. География пәні мұғалімдері арасында өткен «Пед. Олимпиада-2021» республикалық пәндік олимпиадаға қатысқаны үшін, І дәрежелі Диплом;
- 2021ж. Биология пәні мұғалімдері арасында өткен «Пед. Олимпиада-2021» республикалық пәндік олимпиадаға І орынға ие болғаны үшін, І дәрежелі Дипломға ие болды.
Оқушылары түрлі білім сайыстарынан жеңімпаз атанғаны үшін Алғыс хаттармен марапатталды:
2018- 2021 ж.ж есту қабілеті бұзылған оқушыларға арналған «Родник знаний» атты халықаралық пәндік интернет олимпиадасының жеңімпаздарын дайындағаны үшін Алғыс хат иегері;
- 2019 ж. І облыстық пәндік олимпиада жеңімпаздарының дайындап үлес қосқаны үшін грамота иегері;
-2019ж. Оқушылар жобасы конкурсының жеңімпазын дайындағаны үшін алғыс иегері;
- 2020 ж. Республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздарының дайындап үлес қосқаны үшін диплом иегері атанды.
Бақытын еңбектен тапқан Галия Изимгалиевнаға толағай табыстар тілейміз!