Жемқорлықсыз қоғамға қадам - Қазақстан саясатындағы аса маңызды стратегиялық басымдықтардың бірі әрі бірегейі. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың үлкен орын алатындығы айтпаса да түсінікті.

Осыған орай, қазан айында мекемемізде жоғары буын оқушылары мен студенттеріне сурет көрмесі ұйымдастырылды. Жемқорлықсыз қоғамға қадам әр жас ұрпақтың негізгі қадамы екенін еске сала отырып, жеткіншектер өз ойларын сурет салу арқылы бейнелей білді. Жасөспірімдердің мінез-құлқында жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру осындай шаралар арқылы жүйелі түрде жүргізіліп келеді.