«Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету шараларын жүзеге асыру мақсатында 2025 жылдың 22 қаңтар күні колледж студенттері мен жоғары буын оқушыларына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адалдық - адамдық кепілі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Шараның мақсаты - студенттерді сыбайлас жемқорлықтың зиянды әсерлерімен таныстырып, адалдық, әділдік, парасаттылық сияқты құндылықтарды тәрбиелеу болды.
Тәрбие сағаты барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға, экономикаға және адамгершілікке тигізетін теріс әсерлері туралы кеңінен сөз қозғалды. Студенттерге адалдық пен әділдік принциптері туралы түсінік беріліп, еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан іс - шаралар мен олардың тиімділігі туралы ақпараттар ұсынылды.
Шара барысында адалдықтың тек жеке тұлғаның қасиеті ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы тұрақтылық пен даму үшін аса маңызды екенін атап өтілді. Сонымен қатар, студенттер мен оқушыларға өздерінің азаматтық жауапкершіліктерін сезініп, қоғамда әділдікті орнатуда белсенді қатысу қажеттігі түсіндірілді. Отырыс соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде өз үлестерін қосу үшін адалдықты басты құндылық ретінде ұстанудың маңыздылығы туралы қорытынды жасалды.
https://sch.edu.kz/kz/61653122/1029-adaldy-adamdy-kepili.html#sigFreeIdd15dde0e7e