1 қараша күні "Мұғалімнің кәсіби шеберлігі - сапалы білім кепілі" тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді.
Күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Э.А. Қоблаш баяндама жасап, қазіргі таңдағы мұғалімдерге қойылатын талаптарға тоқталды. 2024-2025 оқу жылының 1-тоқсанындағы оқу үлгеріміне сараптама жасады.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары В. Габитова талдау жасаған 1-тоқсан бойынша тәрбие жұмысының қорытындысы тыңдалып, талқыланды.
Жас маман, математика пәні мұғалімі Г. Оңайша "Білім беруде заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды ендіру" тақырыбында баяндама жасап, тәжірибесімен бөлісті.
Кеңес соңында педагогикалық олимпиаданың жүлдегер ұстаздары марапатталды.

View the embedded image gallery online at:
https://sch.edu.kz/kz/247/924-eke-es.html#sigFreeIdcb4051b088