2024 жылдың 16 қазан күні мектеп - интернат - колледжге келіп, білім алушыларға жылы лебіздерін білдірген Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы Даржанова Анар Нұрлыбекқызы, «СНПС - Ақтөбемұнайгаз» АҚ Қауіпсіздікті үйлестіру жөніндегі бас инспекторы - «СНПС - Ақтөбемұнайгаз» АҚ Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бастауыш ұйымының төрағасы, «Аманат» партиясынан сайланған №12 сайлау округінің Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты - Сақтағанов Абай Дидарұлы, «СНПС - Ақтөбемұнайгаз» АҚ Әкімшілік департаментінің Тіл саясаты және аудармалар бөлімінің бастығы - Тұрғанбаева Күләнда Құттымұратқызы және “Қалалық қазақ саныраулар қоғамы Мәдениет үйінің” өнерпаздарын, мәдениет үйінің әдіскері, мәдениет саласының үздігі - Айтмагамбетова Алима Амантайқызын мекеме төрінде коррекциялық бағыттағы пәндер әдістемелік бірлестігінің педагогтары “Қазақстан - туған елім, ұлы өлкем” атты әдеби - сазды іс - шарамен қарсы алды. Мектеп ұжымының жұмысына, оқушылардың өнеріне риза болған қонақтар ерекше ықыластарын білдіріп, шын жүректен лебіздерін арнады және оқушыларға тәтті сыйлықтарын тарту етті. Мүгедектер күнінде мектеп - интернат - колледж білім алушыларын назардан тыс қалдырмай, “СНПС - Ақтөбемұнайгаз” АҚ жанынан құрылған Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының атынан тірегі бар интерактивті панель сыйға тартты.