Ақтөбе облыстық арнайы "мектеп - интернат - колледж" кешенінде "Педагог - бала, педагог - ата - ана, педагог арасындағы әдеп" тақырыбында жиналыс өтті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Э.А.Қоблаш педагог қызметкерлердің әдеп ережелерін пысықтай келе, жалпы ережелерге тоқталды, қатысушылар ой пікірлерін ортаға салды.
Егер кез келген мұғалім ынта - ықылас қойып,
табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты,шебер ұстаз бола алады.
https://sch.edu.kz/kz/247/912-pedagog-bala-pedagog-ata-ana-pedagog-arasynda-y-dep.html#sigFreeId83262e2982