02.10.24ж. күні  ұжым басшысы  Г.Шакенова және бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері ардагер ұстаз Телеушев 
Таймас Ниязбекұлын  қос мерекесі: 1қазан - Халықаралық қарттар күні және 5 қазан Мұғалімдер күнімен құттықтап қайтты. Құттықтау сөзінде  ол кісінің еңбек жолындағы табыстарына тоқталып,ерекше балаларды сурет өнеріне 
баулудағы өлшеусіз еңбегіне  алғыс айтты.

Таймас Ниязбекұлы жастайынан  есту қабілетінен айрылғанына қармастан, үлкен белестерді бағындырған ерен еңбек адамы, оның еңбек жолы көпке өнеге:

Санкт-Петербург көркемсурет училище политехникумын (Павловск қаласы, 1975) суретші-безендіруші мамандығы бойынша;

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің бейнелеу өнері факультетін (1996) бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

  • 1977 жылдан - Республикалық «Жазушы» баспасының суретшісі (Алматы қаласы).
  • 1979 жылдан - «Жалын» баспасының суретшісі (Алматы қаласы).
  • 1988 жылдан - ҚазКСР Көркем-сурет қорының суретші-графигі (Ақтөбе қаласы).
  • 1993 жылдан бастап  Ақтөбедегі саңырау балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатта бейнелеу өнерінің мұғалімі боп жұмыс жасады.
  • 2014 жылдан бастап зейнеттік демалыста.
  • ҚР Суретшілер одағының; Суретшілер одағының Ақтөбе қаласы филиалының мүшесі.
  • Экслибрис бойынша республикалық, халықаралық көрмелердің қазылар алқасының (кіші графика) мүшесі.

2000 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Кездесу соңында ардагер ұстаз батасын берсе,  зайыбы Зинаида Николаевна  ризашылық сезімін білдіріп,алғыс айтты.