Көркем жазу

Көркем жазу бастауыш класс оқушыларын зейінді болуға, тәртіпке үйретеді және көркемдік талғамның дамуына ықпал етеді. Оқушы әдемі жазуды меңгерумен қатар, жаңа мәтіндермен танысып, сөз сұлулығын терең түсінуге үйренеді. Тіл тазалығын сақтап, сауатты жазу мақсатында 2024 жылдың 17 қыркүйегіенде  Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешенінде өтіп жатқан  тілдер онкүндігіне орай, бастауыш класс мұғалімдері  «Тілім менің – баға жетпес байлығым» тақырыбында оқушыларға көркем жазу ұйымдастырды.