«Ядролық қарусыз әлем көшбасшысы»
19.11.2020жылы жоғары класс оқушылар назарына «Мудрое решение»- «Парасатты шешім» деректі фильмі ұсынылып, онлайн ZOOM платформасы арқылы «Ядролық қарусыз әлем көшбасшысы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына класс жетекшілері, тәрбиешілері қатысты. Фильм Елбасының әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан бас тарту және КСРО ядролық қаруының 2/3 сынағы өткізілген Семей полигонын жабу туралы тарихи шешімі туралы баяндайды. Белгілі мемлекет, қоғам қайраткерлерінің, Елбасының елдің дамуы бойынша күрделі саяси шешімдер қабылдауының куәгерлерінің естеліктері мен түсініктемелерінен құрылған. Олардың әңгімелері тиісті фото-бейне материалдармен (мұрағаттық және заманауи) сүйемелденген.
https://sch.edu.kz/kz/247/234-yadroly-arusyz-lem-k-shbasshysy.html#sigFreeId4130bd44d7