“Мамыр айы - ынтымақ айы” айлығы аясында 3 мамыр күні мектеп бітіруші түлектер “Таза Қазақстан” челленджіне атсалысты.

Челленджге мектеп бітіруші түлектердің қосылуы туған мектебінің ауласына ағаш көшеттерін отырғызудың тамаша дәстүрінің бір көрінісі болды. Табиғатқа қамқорлық көрсету мее мектебіне деген сүйіспеншіліктің бұл әрекеті олардың белсенді азаматтық ұстанымын және болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны сақтауға деген ұмтылысын көрсетеді.