2024 жылдың 26 наурыз күні “Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп - интернат - колледж” кешені” КММ коррекциялық бағыттағы әдістемелік бірлестігінің мұғалім - дефектологтары «Қолайлы коррекциялық -дамытушылық орта – үйлесімді дамудың кепілі» атты мектепішілік семинар-практикум ұйымдастырды. Қатысушылар жылдың төрт мезгіліне орай безендірілген үстелдерге орналасып, тапсымаларды орындады. Семинарды зерттеуші мұғалім дефектологтар Каплиева Р. А., Тулебаева Г. Б. «Қолайлы коррекциялық -дамытушылық ортаның маңыздылығы» атты дәріспен бастады. «Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру кезіндегі жұмыс түрлері» тақырыбында А.Б. Жумагазина, А.Б. Мырзалина, А.Е. Шотеева өз тәжірибелерімен бөлісті.