2019 жылдың 10 мамырында жыл сайын дәстүрге айналған "Айбынды жігіт" сайысы өткізілді.

 

«Сана» ұлдар клубының жетекшісі Гүлжайнар Шағатаева мен жоғары буын тәрбиешілерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Жания Балмухамбетова ұйымдастырған сайысқа 9-10 класс оқушылары қатысты.

 

Байқаудың шарттары: 

  1. "Күш атасын танымас" Қол күрестіру сайысы.
  2. "Құралайды көзге атқан"- мергендікті сынау сайыйсй. Баскетбол сеткасына доп лақтыру
  3. "Шапшаңдық" Газтұтқышты уақытқа кию
  4. "Шеберлік" Жағалықты тігу
  5. Жерден тартылу

 

Сайыс барысында оқушылар өз күштерін, ептіліктерін, шапшаңдықтарын көрсете білді. Сайыс тартысты өтті. 


Қорытынды кезеңде әділқазылар алқасы жеңімпазды анықтап, оқушыларды әртүрлі номинация бойынша марапаттады. 9а класс оқушысы Бөкеев Нұрмұхан жеңімпаз атанып, "Айбынды жігіт-2019" атағын иеленсе,

 

9а класс оқушысы Жәрдемғали Ермұхан "Шапшаң жігіт" 

 

10 а класс оқушысы Айчанов Дамир "Білекті жігіт",

 

10 «а» класс оқушысы Сламғали Тоқтар  "Мерген жігіт",

 

8 «б» класс оқушысы Тұрсынбаев Есен "Епті жігіт" атанды.