1 желтоқсан күні орта буын тәрбиешілері отбасындағы бала тәрбиесіне жауапкершілікті арттыру, ата -анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы аясында "Бала тәрбиесіне байыпты қарайық" атты ата-аналар жиналысы өтті.
Шара барысында ата-аналар шағын баяндама төңірегінде пікір алмасып, бала тәрбиесіне қатысты өз ойларын ортаға салды. Кездесуді мектеп психологы А.А. Шакибаева "Жақсы көңіл күй жанға қуат" атты тренингпен жалғастырды. Өзара қарым-қатынасты жақсарту, ата-анамен педагогтармен бой сергітуге арналған жаттығуларды ата-аналар белсенділікпен орындап, жайлы атмосфера қалыптасты.
https://sch.edu.kz/kz/247/606-bala-t-rbiesine-bajypty-arajy.html#sigFreeIde6a99df5b7