2023 жылдың 14 желтоқсан күні Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп- интернат-колледж» кешенінің бастауыш буын (0-3 класс) оқушыларына арналған “Тәуелсіз елім – тірегім ” атты ашық сабақ өткізілді.
Ашық сабақ мақсаты:
Оқушыларға тәуелсіздік ұғымын түсіндіре отырып оның құндылығын жеткізу,тәуелсіздік туралы ақпараттандыру,тәуелсіздік бақытын сезіне білуге, бағалауға,құрметтеуге баулу.
Ашық сабаққа қатысқан оқушы саны – 10.
Сабақ барысында оқушыларға тәуелсіздік жайлы ақпараттар беріліп, суреттер мен презентация арқылы түсіндірілді, ашық пікір алмасулар жүргізілді. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп және білімін толықтыру мақсатында түрлі тапсырмалар берілді. Оқушылар өз өнерлерін ортаға сала отырып қошеметке ие болды. Тәуелсіздік қадірін біліп, оны құрметтеу керектігін оқушылар анық ұғынды.