Жаздың бірінші күні  Халықаралық балаларды қорғау және жер бетіндегі бейбітшілікті сақтау күніне арналған. Бұл күн бақытқа, қуанышқа, күлкіге және, әрине, балаларға және мейірімді ата-аналарға арналған жақсы құттықтауларға толы.

Балаларды қорғау күні-бұл балалардың өздері үшін көңілді мереке ғана емес, бұл барлық балалардың бақытты болып өсуі, оқуы, сүйікті ісімен айналысуы және болашақта өз елінің тамаша ата-аналары мен азаматтары болуы үшін баланың құқықтарын қорғау қажеттілігі туралы қоғамға ескерту. Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж"кешенінің оқушылары балалықтың бал мейрамын қызықты атап өтті.

Атаулы мерекеге орай 5-6 класс оқушылары   ата-аналар және тәрбиешілерімен бірге ойын-сауық орталығына барып, уақыттарын қызықты өткізді.2

Сондай-ақ,  тәрбиеші Н.Загитова мен психолог Г.Борамбаева 1 “Б” класс оқушысы Зайдулла Диаспен Тұңғыш Президент саябағында “Балалық шаққа” саяхат жасап, ерекше көңіл күй сыйлады.