12.04.22 ж. Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат-колледж кешенінде жоғары класс оқушылары арасында ЖҚТБ-дан сақтандыра отырып, оқушыларды болашақтың тірегі болатын дені сау азамат болуға тәрбиелеу мақсатында ЖҚТБ орталығынан дәрігер С.С. Жулмагамбетова келіп, балаларға ЖҚТБ туралы ақпараттық бейнебаян көрсетті. Бейнебаян барысында инфекцияны жұқтырмау жолы мен қорғану жолдары туралы көрсетілді. ЖҚТБ ауруының қауіптілігі оның емінің жоқтығы айтылды. Балалар ЖҚТБ деген не, оның пайда болу және жазылудың, адамдар арасында таралу жолдары туралы сұрақтарға жауаптар алды.