25 мамыр күні Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат-колледж кешенінде соңғы қоңырауға арналған салтанаты жиын өткізілді. Шарада Мемлекеттік Гимн орындалды, мектеп директоры Г.Шакенова оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтап, 2021-2022 оқу жылында жетістіктерге жеткен оқушыларды марапаттады. Жиынға қатысқан мектептің ардагер ұстаздары Сафина Галина Ивановна, Сафина Саида Махмутовна және Ақтөбе облыстық Қазақ зағиптар коғамдық бірлестігінің төрайымы Жалгасова Гулшара Маликовна мектеп бітірушілерге ақ жол тіледі. Негізгі мектепті бітіруші түлектердің ата-аналары атынан Гүлнара Зинадинова қүттықтау сөз сөйлеп, мектеп ұжымына алғысын білдірді.
Бітіруші түлектер мектепке, ұстаздарына ата-аналарына деген тілектерін әнмен жеткізді. Соңғы қоңырау соғу құрметіне Оспан Бекзат пен Дуисова Алиназ ие болды.
https://sch.edu.kz/kz/247/408-sy-yrla-so-y-o-yrau.html#sigFreeId789bb57c94