5.05.22ж. арнайы жоспар бойынша орта буын оқушылары С.Ермағанбетова, Ж.Мукашева М.Культемирова және Л.Қанатбаеваның жетекшілігімен Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалдық мұражайына саяхатқа барды.Мұражай қызметкерлері оқушыларымызды жылы қарсы алып, Отандас батыр апамыздың өмірбаяны мен ерлігіне кеңінен шолу жасап,оқушыларымыздың жүрегіне ыстық патриоттық сезім ұялатты. Оқушыларға Ә.Молдағұлованың туған жері, оқыған оқу орны, майданда болған жерлері мен Сталинград түбінде қаза болған жері туралы кеңінен баяндалып, оның қолданған заттары мен киімдері көрсетілді. Сонау 1941-45жж.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырларымыздың жасаған ерліктері мен қасық қандары қалғанша қанды майдандағы шайқастары - бүгінгі ұрпақтарына деген бейбіт өмір, ашық аспан,бақытты балалық шақ сыйлау ушін құрбан болғандары туралы берілген терең мағлұматтар оқушыларымыздың Отанымызға деген сүйіспеншілік сезімдерінің артуына үлкен әсерін тигізді. Мектеп ұжымы мен ерекше оқушыларымыздың атынан мұражай қызметкерлеріне еңбектері үшін үлкен алғыс білдіреміз.