8.05.22ж. Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған мектеп-интернат-колледжде жатақханадағы оқушылармен Ұлы Жеңіс күні -9 мамырға арналған "Ұлы Отан соғысының батыр балалары" тақырыбында презентация арқылы тәрбие сағаты өткізілді.Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларды 1941-45жж. сұм соғыс жылдарындағы қиын-қыстау кезеңдер, сол кездердегі өздері сияқты балалар тағдырлары мен соғыс жылдарындағы батыр аға-апаларымыздың ерліктері мен ерен еңбектері,қасық қандары қалғанша біздерге бейбіт өмір сыйлау үшін өз Отандарын қорғауда құрбан болғандары туралы баяндау арқылы патриоттық сезімге бөлеп,Отанын сүюге,бейбіт өмірді қастерлеуге,ҰОС-ң батырларын мәңгі есте сақтауға,олардың рухтарын сыйлауға тәрбиелеу.Тәрбие сағаты барысында оқушылар көптеген мағлұматтар алып,сұрақтарға жауап берді,мағыналы көрнекіліктер қарап,белсенділік танытты.
Жауаптылар:А.Дауринбаева, Б.Кыдыралина, Ж.Мукашева, А.Жетібаева
#ЖеңіскүніменАқтөбе2022
@bilim_basqarmasy_aqtobe