Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінде 7 Мамыр Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мерекесіне орай «Ағаш отырғызу - игілікті іс» атты ағаш егу акциясы өтті. Шара барысында оқушылар мен тәрбиешілер мектеп ауласына шие, қара өрік көшеттерін отырғызды. Балаларға табиғатты аялау және сақтау әрбір азаматтың міндеті екендігі, егілген жас көшеттерді уақытылы суарып, күтім жасау қажеттілігі түсіндірілді.
#ағашегуакциясы
#ОтанқорғаушыкүніменАқтөбе2022
@bilim_basqarmasy_aqtobe