Су – адам үшін қауіпті апат. Тіпті тыныш ағып жатқан тынық судың өзі қауіпсіз сияқты көрінгенімен, оның да өзіндік қауіптілігі бар. Сондықтан, әр адам қауіпсіздік ержелерін иұст анған жөн.
Су қауіпсіздігінің негізгі ережелері:

❌Белгі қойылған жерден асып жүзуге болмайды, ол болмаған жағдайда жағадан алыс жүзбеу керек;

❌Кемеге жақын жүзуге болмайды;

❌Таяз жерге немесе белгісіз тереңдікке секіруге болмайды;

❌қайық, айлақ, көпір үстінен және арналмаған жерлерден секіруге болмайды;

❌ Күнге қыздырынғаннан кейін немесе ұзақ жүгірістен соң суға секіруге болмайды, себебі естен айырылып қалу немесе жүректің тоқтап қалуы мүмкін. Алдымен сумен шайынып алу керек;

❌ Дауыл немесе толқын болған жағдайда шомылуға болмайды;

❌ Қарсыласыңды суда ұстап тұру ойынымен ойнауға болмайды, себебі жолдасың тұншығып және есін жоғалтуы мүмкін.
Бастауыш буын тәрбиешілері өткізген"Судағы негізгі қауіпсіздік ережелері" атты тәрбие сағаттарында 1-4 класс оқушылары аталған ережелермен танысты.