Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат-колледж кешенінде Халықтар достығын құрметтеу, оқушылардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу мақсатында 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған "Бірлігіміз жарасқан" тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.