Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы "Ассамблея жастары" республикалық қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облысындағы Өкілдігі.


1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай жоғарғы және арнаулы орта оқу орындары студенттері арасында"Ұлттар фестивалі" байқауын ұйымдастырды. Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні мен мазмұнын ашатын, мәдениаралық диалогты дамытуға бағытталған "Ұлттар фестивалінде " татар халқын кеңінен таныстырып , ерекше шығармашылық дарынын көрсете білген оқушыларымыз жүлделі ІІ ОРЫН иеленді. Жеңімпаздарымызға "Қоғамдық келісім" КММ директоры Д.Исмағамбетова арнайы диплом және Абат-Байтақ кесенесі мен Әлия музейіне экскурсияға жолдама табыс етті.

View the embedded image gallery online at:
https://sch.edu.kz/kz/247/364-tty-tajmyz.html#sigFreeId2e96054e3c