2022 жылдың 22 сәуірінде  "Ақтөбе облыстық  есту және көру қабілеттерінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешені" КММ-де мектеп ұстаздары арасында "Екі жұлдыз" байқауы өтті. Байқауға мектеп-интернат-колледж өміріне елеулі үлес қосқан тәжірибелі педагог пен жас маман жұптары қатысты. Жас мамандардың қол қимылы әдістерін үйреніп, әдістемелік қызметпен  қатар қоғамдық жұмыстар мен шараларға белсене қатысуға ынталандыру, ұжымдық қарым-қатынасты нығайту мақсатында өткен шараға 9 жұп қатысып, әндерді ым-ишара тілінде орындады. Қатысушылардың репертуардың таңдауы, ым-ишара тілінің сауатты әрі мәнерлі орындауы,  сахна мәдениеті, таңдалған әнді жеткізудегі әртістік шеберлігіне қалалық Қазақ саңыраулар қоғамы Мәдениет үйінің директоры Гульвира Сабетовна Биржанова, саңыраулар қоғамының сурдоаудармашысы Нуржанова Жанат Жайыковна және мектеп қызметкері Сейсенова Алмагуль Әбубәкірқызы төрелік етті. Тәжірибелі педагогтар және жас мамандар өздерін  шығармашылық тұрғыдан өте жоғары деңгейде көрсетіп, көпшілікті өнерлерімен тәнті етті. Бұл көрермендердің шексіз қошеметтерінен сезіліп тұрды.

Қазылар алқасының шешімімен байқаудың Бас жүлдесін "О, гитара" әнін мәнеріне келтіре ым-ишара тілінде орындап қана қоймай, хореографиялық өнерлерімен көрерменді баурап алған А.Ә.ТУБЕТБАЕВА және МАМБЕТКУЛОВА Т. жеңіп алды.


І орынға  90-жылдардың жұлдызды тобы "Мираж " тобының әндерінен попурри орындауда  қол қимылы мен әуенді ұштастыра біліп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленген жұп - М.М.КУЖЕНЯЗОВА және ЗАГИТОВА Н. лайықты деп танылды.

ІІ орын әйгілі "Дос-Мұқасан" тобының репертуарындағы "Той жырын" орындап, жиылған жұртқа көтеріңкі көңіл күй сыйлаған жұп - мектеп дәрігері Ұ.Л.ТАБАНОВА және САИНГАЛИЕВА Н. бұйырды.

ІІІ орынға сахнада сымбаты мен сәндері жарасып "Досым" әнін көрермен жүрегіне жеткізе білген  жұп - Н.Ж.СУЛИКАНОВА мен Г.АХАЕВА ие болды.


Қалған жұптар түрлі номинацияларға ие болды. Жеңімпаздар мен қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталды.